×

Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған қылмыскер тағы 15 істе күдікке ілінді

Қылмыскердің телефонынан 15-ке жуық кәмелетке толмаған жас қыздардың жалаңаш фотолары табылған

Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған қылмыскер тағы 15 істе күдікке ілінді
ratel.kz

Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған 33 жастағы ер адам тағы 15 істе күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Қылмыскер одан өзге тағы 15 істе күдікке ілініп отыр.

Бұл туралы Құрал Сейітханұлы есімді фейсбук қолданушысы жазды. Ақпарат ресми расталып отыр.

“Ұзын сөздің қысқасын айтқанда бұл әйелдің 15-жасар қызын 33-жастағы еркек қорқытып, үркітіп Жаңа қала шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп суретке түсіріп, одан кейін еркектік мүшесін қыздың аузына тығып, соңында қыздың артқы анал тесігіне мүшесін тығып жыныстық қатынасқа түскен. 15-жасар қыз ондайды өмірінде көрмеген. Бұнымен де тоқтамай арада бірнеше күн өткенде қыздың вацабына 2008, 2009 жылғы өзің сияқты жас қыз тауып бер немесе 50-мың тауып бер әйтпесе жалаңаш фотоларыңды Тик-токқа саламын деп бопсалап қорқытқан. Өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырған. Шын мәнінде ешқандай да қызметкер емес”, –  дейді ол.

Жазба авторының сөзіне қарағанда жағдай туралы анасы қызының телефонын тексерген кезінде біліп, полицияға қоңырау шалған.

Жәбірленушілер Түркістан қаласының полиция басқармасына барған кезде ғана кішкентай қызға істеген сексуалдық әрекеттер әшкере болған. Артынша, педофилдік жасады деген күдікпен ҚР ҚПК-нің 124-бабының 1-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қазіргі уақытта кішкентай қыздың анал тесігінен сексуалдық қатынас жасағандығы жөнінде сот сараптамалық тексеру жүргізілуде. Егер сараптама мына оңбаған, кішкентай қыздың артынан тыққанын анықтаса, онда бұл іс ауыр қылмыс санатынан, аса ауыр қылмыс санатына өзгертіледі. Қазіргі уақытта қызға азғындық жасаған мына суреттегі Д деген күдікті қамауға алынған. Бұның телефонынан 15-ке жуық кәмелетке толмаған жас қыздардың жалаңаш фотолары табылған. Көптеген кішкентай қыздар бастарында болып жатқан осындай сұмдықтарды ата-аналарынан қорқып айта алмай тұншығып жүреді екен. Сондықтан қыздарыңызды жиі бақылап отырыңыздар. Қыздардың телеграмм чаттарға қосылмауын қадағалау қажет. Қазір 15-жасар қыздың әкесі мына суреттегі Д деген күдіктіні өлтіремін деп ашуланып отыр. Сондықтан бұл Д деген күдікті кінәсі дәлелденсе заң аясында жазаға кесіліп қамалып кеткені дұрыс. Мүмкін болса өмір бойына сотталғаны дұрыс”, –  деді  Құрал Сейітханұлы.

Қолданушы сурет күдіктінің жастау кезі екенін, қазір ол қарны қампиған ересек еркек екенін атап өтіп, осыдан зардап шеккен қыздар болса ата-аналарымен бірге Түркістан қаласының полиция басқармасына барып Салтанат Абубакирова деген тергеушіге арыз жазуларына болатынын жеткізген.

Түркістан қаласы полиция департаменті аталған фактіні растап, тиісті сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →