×

Қызылордадағы жыныстық құлдыққа ұшыраған 16 жасар қыздың соты жабық өтеді - сенатор Марат Қожаев

Сотта қоғамдық резонанс емес, процестік дәлелдер бағаланады

Қызылордадағы жыныстық құлдыққа ұшыраған 16 жасар қыздың соты жабық өтеді - сенатор Марат Қожаев
Parlam.kz

Қызылордадағы жыныстық құлдыққа ұшыраған 16 жасар қыздың соты жабық өтетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сенатор Марат Қожаев айтып берді.

“Бұл іске кәмелетке толмағандардың қатысы бар, сондықтан сот олардың мүдделерін қорғау үшін жабық режимде өтеді. Жұртшылықта қорқыныш жоқ. Бұл жағдайды, ақпараттық ресурстар – сіздер асықтырасыздар. Менің ойымша, халықтың басым көпшілігі еліміздің құқықтық жүйесіне сенеді”, – деді сенатор.

Ішкі істер министрінің орынбасары болған сенатор дәлел болған жағдайда кінәлілер заңнамаға сәйкес жауап беретінін айтып, сотта қоғамдық резонанс емес, процестік дәлелдер бағаланатынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →