×

«Періштесі қақты»: Астанада сауда үйінде эскалаторға жабысқан бала құтқарылды

Ер адам шапшаң әрекет еткен

«Періштесі қақты»: Астанада сауда үйінде эскалаторға жабысқан бала құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде жас баланың қозғалып бара жатқан эскалаторға жабысып, құлай жаздаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбада оқиға«Тұмар» сауда орталығында болғандығы айтылған.

«Ата-аналар, балаларды қадағалаңыздар! Эскалаторға жабысқан баланы құтқару үшін ер адам шапшаңдық танытты», - дейді видео авторы.

Кадрдан баланың сауда орталығындағы эскалатордың жиегін қолымен ұстап, жоғарыға дейін көтерілгенін көруге болады. Оған ер адам мен әйел дер кезінде көмекке келген. Әйтпесе, жазатайым оқиға болар ма еді.

Желі қолданушылары мұндай жағдайда кішкентай баланың ата-анасы қайда қарап жүргенін сұрап, таңғалып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →