×

Алматы облысында жүргізуші полицейді көлігімен сүйреген

Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен

Алматы облысында жүргізуші полицейді көлігімен сүйреген
Сурет: бейнежазбадан скриншот

Алматы облысында полиция қызметкерін көлігімен сүйреген жүргізуші ұсталды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болған.

“Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, көлікке қайта отырып, Қанат Темірбаевтың саусақтарын машинаның есігімен қысып қалса да, қозғала бастады. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен. Ақыры офицер қолын босатып үлгерді, бірақ асфальтқа құлаған кезде жарақат алды. Жүргізуші қашуға тырысқанымен, көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органының қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған қоса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Полиция басқармасы.

Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →