×

Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады: заңгердің өзі хабарға шықты

Бұл туралы алдымен, журналист Михаил Козачков телеграм-арнада жазды

Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады: заңгердің өзі хабарға шықты

Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы алдымен, журналист Михаил Козачков телеграм-арнада жазды.

«Шымкенттен @ Koza4kov_bot-қа блогер Айгүл Орынбек бүгін сол жерде ұсталғаны туралы ақпарат жетті. Қазір ол полицияда. Оның есімі «алаяқтық», «сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету» және «сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау» баптары бойынша тіркелген қылмыстық іс шеңберінде аталады. Бастапқы дереккөзге сілтеме жасауды ұмытпаңыздар, котиктер», - деп жазған Михаил Козачков.

Заңгер Фейсбуктегі соңғы жазбасын кеше жариялаған. Ол жазбасында спорт басқармасының сатып алу порталында қыркүйек айында 893 млн. теңге қаражатқа бір көзден мемлекеттік сатып алу жарияланып, қорытынды шыққанын жазған.

«Шымкент қаласы әкімдігі Спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков,  7 қазан күні мәслихат депутаттарының алдында “Ордабасы командасының легионерлеріне гонорарға” деп 1 миллиардттан астам қаражат сұраған. Одан бөлек, жыл соңына  екі ай қалғанда тағы 1 млрд астам қаражат не мақсатта сұрап отырсыз Маратбек мырза? Осындай соммалар бір көзден берілгені қаншалықты заңды? Жыл басында Ордабасыға бөлінген 5 млрд нелеріңе жетпей жатыр Шымкент қаласы әкімдігі? Оның барлығы қайда кетіп жатыр? Мәслихат депутаттары ақша сұраса неге бере бересіздер? ҚР Бас прокуратурасы  Президенттің тапсырмасын орындамайтын басшыларды тергеп тексеруді  сұраймын. Министр Ербол Мырзабосынов! Сізді спорт саласын тазалауға келгеніңізді білемін. Біздің Шымкент қаласына көңіл бөлуіңізді сұраймын», - деп жазған Айгүл Орынбек.

Qaz365.kz тілшісі Айгүл Орынбектің өзіне хабарласты. Ол ватсап арқылы «бәрі дұрыс» деп жауап берді. Толыққанды ақпарат алдағы уақытта беріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →