×

Бас прокуратура Шерзат Болаттың әкесіне қатысты мәлімдеме жасады

Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық тергеу жүргізілмеген

Бас прокуратура Шерзат Болаттың әкесіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы қанды оқиғада қаза тапқан марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық  тергеу жүріп жатқан жоқ. Өртке байланысты іс тергеліп жатыр. Экспертиза тағайындалды. Тергеу тұрақты бақылауда. Күдіктілер ұсталып, бірқатар айып тағылған», – деді Қойгелдиев баспасөз алаңында.

Сондай-ақ журналистер прокурордан осы іске қатысты қызметінен кеткен қызметкерлердің қайтадан құқық қорғау органдарына жұмысқа оралуы жөнінде сұрады.

«Олардың жұмыстан шығарылғаны рас. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті. Олардың кәсіби-карьералық болашағы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бәлкім адвокат болатын шығар», – деді прокурор.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша қылмыстық кодекстің 5 бабы бойынша іс қозғалғанын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →