×

Әскери сот Сарыөзекте сарбаздың өліміне кінәлі деп танылған офицерге үкім шығарды

Сотталушы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды

Әскери сот Сарыөзекте сарбаздың өліміне кінәлі деп танылған офицерге үкім шығарды
Сурет: Коллаж/ Qaz365.kz

Алматы гарнизонының әскери соты қатардағы сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне әкеп соқтырған іс бойынша шешім шығарды. Сотта билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған бұрынғы лейтенантқа үкім шықты, деп хабарлайды Qaze65.kz.

Атырау облысынан шақырылған мерзімді қызмет сарбаз Сәлімжан 13 мамырда 29108 әскери бөлімінде Сарыөзек кентінің аумағында қайтыс болған. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі оның ата-анасына қолдау көрсетілгенін хабарлаған болатын.  

Медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, қатардағы жауынгер аорта аневризмасының жарылуы салдарынан көз жұмған. Айыптаушы тарап сотталушының жас жігітті бірнеше рет ұрғанын анықтады. 

Айыпталушы Жанбота Шәкіров марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, "өзі прокурорларға барып, есеп бергенін" айтты. Ол сарбаздың өліміне өзін кінәлі деп есептейтінін, "қатыгездікке жол бермейтінін" айтқан.  

Сот офицерді 7 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сондай-ақ, сот оны әскери атағынан айыру шешімін қабылдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →