×

Соңғы сөзінде өкіріп жылады: 7 миллион ұрлады деп айыпталған әйел үш жылдан кейін ақталып шықты

Ақталып шыққан әйел тазалықшы әйел 7 млн рубль өтемақы талап етті

Соңғы сөзінде өкіріп жылады: 7 миллион ұрлады деп айыпталған әйел үш жылдан кейін ақталып шықты

Ресейдің Новосібір қаласында ұзақ шағымдар мен арыздардан кейін сот өзінің қателігін мойындады. Қарапайым тазалықшы Айнагүл Борбуева жасамаған қылмысы үшін 19 ай бойы уақытша изоляторда отырған. Ол 7 миллион рубльді ұрлады деген айып тағылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Істің мән-жайы былай басталған: кәсіпкер Владимир Лисивцев полицияға арыз жазады. Бір күн бұрын мейрамханада заңгер досымен демалып отырып, мекемеден мас күйінде шығып, такси шақырған. Ал көшеде байқамай сөмкесін қалдырып кеткен. Ол сөмкеде 7 миллион рубль болған. Бұл ақшаны автокөлік сатып, пәтердің жартысынан және Новосибирскідегі тағы бір бөлмелі пәтерден алғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын зерттеп, ноутбуктің сөмкесін кездейсоқ өтіп бара жатқан әйел алып кеткенін байқаған. Әйел бірден қамауға алынған. Ол мигрант, тазалаушы Айнагүл Борбуева болып шыққан.

– Мен сол маңдағы тұрғын үйде тазалықшы болып жұмыс істедім. Шамамен сағат 06.50–06.55 кезінде қар үстінде қара сөмке тұрғанын көрдім. Мен алдымен біреу оны ұмытып кетті, қалдырды немесе жоғалтты деп ойладым. Мен оны артқы бөлмеге апардым. Онда не бар екенін көрдім: ішінде ақша болмады. Сөмкені қойып, дүрбелеңде бұл туралы ұмытып кеттім, - дейді Айнагүл.

Ол полицияға да осыны айтқан. Дәлелдеу үшін Айнагүл тіпті полиграфтан өтіп, сөзі өтірік емес екенін дәлелдеген. Бірақ бәрібір түрмеге жіберілген. Оған "үлкен мөлшерде ұрлық" деген ауыр айып тағылып, колонияға 10 жылға сотталып кете жаздады.

Сотта кәсіпкер өзін біртүрлі ұстапты. Мысалы, ол мигрантты қатаң жазаламауды өтінеді. Тазалықшының адвокаттары тергеу жүргізіп, бизнесменнің өзі қарызға батқанын анықтаған. Несие берушілерге 6 320 558 рубль 27 тиын қарыз екенін білген. Бір қызығы, кәсіпкер сөмкені жоғалтқаннан кейін өзін банкротпын деп жариялай бастайды. Ал одан өндіріп алар ештеңе жоқ - көлік пен үйінің ақшасын ұрлатып алған-мыс.

Соттың алғашқы шешімі кәсіпкердің пайдасына болды. Октябрь аудандық соты Борбуеваға жалпы режим колониясында екі жарым жылға соттады. Бірақ ол қайта шағымданды. Новосібір облыстық соты сөмкеде ақша жоқ екенін мойындап, әйелді қамаудан босатты.

Борбуеваның адвокаты Наталья Коломбет енді «біз кәсіпкерден 7 млн рубль талап етеміз» деп мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →