×

Ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады

ҚҚС салығы

Ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады
Фото: freepik

Медиина саласында қосылған құн салығы тек ақылы қызметтерге салынады. Салық кодексінің жаңа редакциясына осындай норма ұсынылып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Үкімет әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, - деді Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Ал әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5%, ал 2027 жылдан бастап 10% болмақ.

- Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді, - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу ұсынылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды
29.05.2025ж. 13:47

Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды

Оқиға 27 мамырда пойыз купесініде таңғы сағат 06.00 кезінде орын алған
Аталған жобаның жүзеге асырылуы айтарлықтай әлеуметтік маңызға ие.
Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады
Кездесуде халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету басты басымдық екенін ерекше атап өтілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →