×

Елімізде енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетондармен жүретін болады

Пилоттық жоба 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады

Елімізде енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетондармен жүретін болады
zakon.kz

Елімізде енді науқастарға шақыртуға баратын жедел жәрдем қызметкерлері видеожетондармен жүретін болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

“Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін жедел жәрдем қызметкерлері видеожетондармен қамтамасыз етіледі. Пилоттық жоба 2025 жылдың соңына дейін Астана мен Алматыда іске қосылады. Кейін видеожетондар емханалардағы дәрігерлерге беріледі”, – деді министр Ақмарал Әлназарова.

Бұған Қостанайда фельдшерді соққыға жыққан екі әйелдің, жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның оқиғалары себеп болып отыр.

Тағы оқыңыз: 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістандағы медициналық ұйымдарға 60 жедел жәрдем көлігі тарту етілді
05.09.2025ж. 09:34

Түркістандағы медициналық ұйымдарға 60 жедел жәрдем көлігі тарту етілді

2024 жылдың 8 айында жедел жәрдемге 635 мың шақырту тіркелген
Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр
Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалған
Ашық диалогқа еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам медицина мамандары қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →