×

"Миының жартысына жуығы": Астанада үш айлық баланың миынан үлкен көлемдегі ісік алынды

Сәбидің басындағы ісіктің көлемі 5,6× 4,2 см болған

"Миының жартысына жуығы": Астанада үш айлық баланың миынан үлкен көлемдегі ісік алынды
Сурет: gov.kz

Астаналық дәрігерлер үш айлық баланың миынан үлкен көлемдегі ісікті алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Дәрігерлер ең күрделі отаның бірін сәтті жүргізді, олар 3 айлық қыздан ірі көлемдегі ми ісігін алып тастады. Сәбидің анасы Айбаттың айтуынша, қыз уақытында туып, қалыпты дамыған. Алайда екі айлығында жиі құсу, ембеу, терісі көгеруі және қатты мазасыздық сияқты белгілер байқалған. МРТ мидың маңызды бөлігінде орналасқан, 5,6× 4,2 см көлеміндегі ісікті көрсеткен. Ісік баланың миының жартысына жуығын алып жатқан, қан жоғалту қаупі өте жоғары болған. Дегенмен командалық жұмыстың, заманауи әдістерді қолданудың арқасында ота сәтті өтті” – дейді орталық дәрігерлері.

Қазіргі таңда ота жасалған баланың жағдайы жақсы, тұрақты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →