×

Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды

Оқиға 27 мамырда пойыз купесініде таңғы сағат 06.00 кезінде орын алған

Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды

Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйелдің күтпеген жерден толғағы басталып, жедел медициналық қызметтің фельдшері жол үстінде әйелді босандырып алдыдеп хабарлайды  Qaz365.kz.

2025 жылғы 27 мамырда сағат 06.00 кезінде Жезқазған-Астана жолаушылар пойызында әйел күтпеген жерден босана бастайды. Бағына қарай, жақын жерде жедел медициналық қызметтің кәсіби фельдшері, балабақшаның мейіргері және нәрестенің аман-есен туылуына көмектескен басқа да жанашыр адамдар табылады.

“Таңертең еді, мен ұйықтап жатқанмын. Кенеттен селектордан босанайын деп жатқан әйелге көмек қажеттігін хабарлады. Мен басқа вагонда болатынмын, хабарландыруды естіп, әйел жатқан вагонға жүгірдім, –  дейді Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Сәтбаев қаласы бойынша бөлімшесінің фельдшері Айдана Смайылова.

Фельдшер Айдананың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында әйел баланы табиғи жолмен, асқынусыз және патологиясыз дүниеге әкелді.  Талаптарға сәйкес жедел медициналық жәрдем каретасы шақыртылып, "Жеңіс" станциясынан әйел мен сәби Жәйрем кенті ауруханасына жеткізілді. Сондай – ақ, босану кезінде Сәтбаев қаласындағы "Балдырған" балабақшасының мейіргері Қарлығаш Әлиева мен "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС инженер-экологы Жақыпбек Зарина барынша көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта анасы мен Асылым есімді нәрестенің жағдайлары жақсы және өздерінің құтқарушыларына алғыс айтуда.

Айдана Смаилова Жезқазған қаласының жоғары облыстық медициналық колледжінің түлегі, 2018 жылдан бастап облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында еңбек етеді, ерекше баланың анасы. Ол мұндай жағдайға ол бірінші рет тап болған емес, қызмет міндетін орындау бабында бірнеше рет әйелдерді қауіпсіз босандырып алған.

Біз әріптесіміз Айдана Смайылованы мақтан тұтамыз! Ол штаттан тыс жағдайда батылдық пен табандылық танытты, ең бастысы медицина қызметкерінің – адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың дені сау болуына көмектесу парызына адал болып қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталық ашылды
23.05.2025ж. 21:18

Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталық ашылды

Аталған жобаның жүзеге асырылуы айтарлықтай әлеуметтік маңызға ие.
Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады
Кездесуде халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету басты басымдық екенін ерекше атап өтілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →