×

Қазақстанда дәрі бағасы 172% қымбатқа сатылады - Аймағамбетов

Оның айтуынша, 59 теңгелік парацетамол - 144 теңгеге саудаланған

Қазақстанда дәрі бағасы 172% қымбатқа сатылады - Аймағамбетов

Қазақстанда дәрі бағасы 172% қымбатқа сатылады.Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген аудит қорытындыларын қарастырған жиында депутат Аймағамбетов отандық препараттардың жетіспеушілігі, дәрілердің қымбат бағасы туралы баян етті.

Жабайы бағалар 

Депутаттың айтуынша, шекті бағаларды қалыптастыру кезіндегі өрескел бұзушылықтар анықталған. Препараттар тіпті оригиналдарынан да бірнеше есе жоғары бағамен сатып алынған.

“Дәрілерге қосылған үстеме баға зауыттық бағадан 172%-ға дейін жетеді, ал Еуропада және әлемде – 30%-дан аспайды. Бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді. Түпнұсқаның бағасы 344 теңге болса, отандық тауар өндірушінің (ОТӨ) генеригінің бағасы 1273 теңгені құраған. Бұл 4 есеге дейін қымбат. Бұл қалай мүмкін болды? Отандық зауыт, елде сатылмайтын шетелдік аналогтың бағасын алып, соған байланыстырып, өз шығындары мен бағасын есептеп, солай дәрінің бағасы көтеріледі”, – дейді Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, егер сол дәріні оригиналмен салыстырса, көптеген отандық дәрілер шетелдік түпнұсқасынан еселеп қымбат болып шығады.

“Парацетамолдың зауыттық бағасы 59 теңге, Қырғызстанда 90, ал бізде 144 теңгеге сатылуда. Салыстырыңыздар. Терафлюге елде белгілеген шекті баға 3,3 мың теңге, ал зауыттық бағасы 1,5 мың. Ресейде ол 2,2 мың, Қырғызстанда 2,5 мың тұрады. Ал Кируда дәріханаларда 710 мың тұрса, Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағасын 1,3 млн көлемінде белгілеп, оны Фармация 1,2 млн-ға сатып алған. Формальды қарасақ, тіпті ақша үнемдеген сияқты көрінеді, бірақ шын мәнінде 2 есеге жуық қымбатқа сатып алған деген ойға келуге болады”, –  дейді ол.

Оның сөзінше, тіпті дәріханаларда бюджет есебінен сатып алынған дәрілер анықталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды
29.05.2025ж. 13:47

Фельдшерге алғыс: Жезқазған-Астана бағытындағы пойызда әйел күтпеген жерден босанып қалды

Оқиға 27 мамырда пойыз купесініде таңғы сағат 06.00 кезінде орын алған
Аталған жобаның жүзеге асырылуы айтарлықтай әлеуметтік маңызға ие.
Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады
Кездесуде халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету басты басымдық екенін ерекше атап өтілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →