×

8 саусақпен туған: Дәрігерлер балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады

Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалған

8 саусақпен туған: Дәрігерлер балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктерінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.«Милосердие» еріктілер қоғамы» және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорларының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық шеберлік класына еліміздің түпкір-түпкіріндегі клиникаларда ортопедия-травматология, микрохирургия салаларында еңбек ететін дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

«РФ-ның Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен өткен шеберлік класы барысында қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды. Ресейдің атақты пластикалық хирургі тағы 20 кішкентай пациентке консультация беріп, отандық әріптестерімізге микрохирургия саласындағы озық әдістемелер жөнінде лекциялар оқыды. Бұл шараның Қазақстандағы балалар микрохирургиясын дамытуға қосар үлесі зор», - деп атап өтті №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды.Пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала анасынан 8 саусақпен туған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан өсіп келе жатқан баланың қолындағы артық саусақтар ойыншықтарды ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтіріп келеді.

«Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді», - дейді анасы.

Бүгінгі шара барысында дәрігерлер отаны зергерлік шеберлікпен орындап, сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

«Шеберлік класын жәй ғана тәжірибе алмасу деп қарастыруға болмайды. Себебі біз қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық», - деп атап өтті хирург Сергей Голяна.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
AMANAT Дәрігер Talks диалог алаңының II отырысын өткізді
20.06.2025ж. 10:21

AMANAT Дәрігер Talks диалог алаңының II отырысын өткізді

Ашық диалогқа еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам медицина мамандары қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →