×

«Операция жасап жатыр». Үржарда зардап шеккен балалардың жағдайы қалай

Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр

«Операция жасап жатыр». Үржарда зардап шеккен балалардың жағдайы қалай
Фото: t.me/DenMinPR

Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеп-қараулардың барлық кешенін жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасады.

Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағалануда. 

Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты. Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған. 

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетін болады. 

Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасауда, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды. 

Естеріңізге салайық, кеше Үржар ауданының Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, бір үйдің алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға түсті.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
8 саусақпен туған: Дәрігерлер балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады
23.06.2025ж. 14:39

8 саусақпен туған: Дәрігерлер балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады

Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалған
Ашық диалогқа еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам медицина мамандары қатысқан
Бағдарлама басталғалы бері 110 дәрігерге көтерме ақы төленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →