×

Аутизм қаупі: жүкті әйелдерге парацетамолды қолдануға тыйым салынуы мүмкін

АҚШ-та жүкті әйелдерге парацетамолды шектеу мәселесі көтерілді

Аутизм қаупі: жүкті әйелдерге парацетамолды қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Фото әлеуметтік желіден

АҚШ-та жүкті әйелдердің парацетамол (Tylenol) қабылдауы балада аутизм қаупін арттыруы мүмкін деген мәлімдеме жасалуы ықтимал, деп жазады Qaz365.kz порталы The Washington Post-қа сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, Дональд Трамп әкімшілігі жақын күндері осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасап, лейковорин препаратының аутизмді емдеудегі мүмкіндігін зерттеу ниетін де жарияламақ.

Алайда қазіргі медициналық ұсынымдар парацетамолды жүкті әйелдер үшін қауіпсіз деп санайды. Ондаған жылдарға созылған зерттеулер бұл дәрінің аутизммен тікелей байланысын дәлелдеген жоқ.

Денсаулық сақтау министрі Роберт Ф.Кеннеди бұған дейін жүкті әйелдердің парацетамол қабылдауы мен аутизм арасындағы ықтимал байланысты көтерген болатын. Оның айтуынша, АҚШ-та «экологиялық токсиндердің» әсерінен аутизм «эпидемиясы» өршіп тұр.

Дегенмен ғалымдар аутизмнің нақты себептері әлі күнге дейін анықталмағанын, көп зерттеулер бұл дерттің пайда болуын генетикалық факторлармен және қоршаған ортаның ықтимал ықпалымен байланыстыратынын атап өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Цифрлық медицина: Алматыда денсаулықты қашықтан бақылау жүйесі дамып келеді
15.11.2025ж. 18:30

Цифрлық медицина: Алматыда денсаулықты қашықтан бақылау жүйесі дамып келеді

Бүгінде 110 мыңнан астам тұрғынның жағдайын тәулік бойы 30-дан астам дәрігер бақылап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →