×

700 млрд теңге қарыз: Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге ақша төлей алмай отыр

Ведомствоның медицина ұйымдары алдындағы қарызы 700 млрд теңгеден асқан

700 млрд теңге қарыз: Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге ақша төлей алмай отыр
Фото әлеуметтік желіден

Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев ведомствоның елдегі медицина ұйымдарына қанша қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда бұл сома 700 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – республикалық бюджеттен жоспарланған және нақты түскен қаржы арасындағы айырмашылық. Бұл жағдай ұйымдардың жұмысына сындарлы әсер етіп отырған жоқ: қордың жинақталған активтері есебінен өтімділікті сақтап, төлемдерді жүзеге асырып отырмыз. Сонымен қатар Қаржы министрлігімен бірлесіп, міндеттемелерді жабу үшін қажетті қаражатты жинақтап жатырмыз», – деді ол Үкімет отырысында. 

Вице-министрдің айтуынша, «қиын фискалдық жағдайға» және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржы бөлінген.

«Тамыз және қыркүйек айларында 94 млрд теңге бағытталды. Жыл соңына дейін тағы шамамен 20 млрд теңге бөлінеді – бұл қазан айында, нақтылау мен түзету шеңберінде жүзеге асырылады», – деді Амангелдиев.

Оның айтуынша, 6 тамызда өңірлерден түскен өтінімдер қазір қараудың соңғы сатысында тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жыл сайын түсік жасататын әйелдер саны 70 мыңнан асты
07.10.2025ж. 13:50

Қазақстанда жыл сайын түсік жасататын әйелдер саны 70 мыңнан асты

Министрлік статистиканы азайту бағытындағы жұмыстарды күшейтпек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →