×

Келер жылдан бастап қазақстандық дәрігерлер Жапонияда тегін оқиды

Келер жылдан бастап қазақстандық дәрігерлер Жапонияда тегін оқиды
Алматы облысының әкімдігі

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында операциялық эндоскопия бойынша халықаралық мастер-класс басталды. Шараға Жапонияның жетекші хирургтары мен қазақстандық мамандар қатысып, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл бастама — еліміздегі медицинаны дамыту мен халықаралық стандарттарды енгізу жолындағы маңызды қадам, деп хабарлады Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, мастер-класс аймақ медицинасы үшін нақты нәтижеге бағытталған жоба.

«Қазір жапондық ғылыми орталықпен келісімшарттың соңғы кезеңіне жеттік. 2026 жылдан бастап облыстың дәрігерлері мен эндоскопистері Жапонияда тегін оқып, тағылымдамадан өтеді. Негізгі талаптардың бірі – ағылшын тілін білу. Бұл жас мамандар үшін қосымша ынталандыру болады», – деді ол.

Сонымен қатар аймақ дәрігерлері Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталықта біліктілігін арттырып, үздік медициналық тәжірибені үйренеді.

«Басты мақсат – медициналық кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету және озық технологияларды енгізу», – деп атап өтті Ержан Сүлейменов.

Мастер-класқа Жапониядан келген екі жетекші хирург және еліміздің бас эндоскописті, профессор Қанат Батырбеков қатысып жатыр. Екі күн бойы тәжірибелік операциялар, клиникалық жағдайларды талдау және шынайы хирургиялық демонстрациялар өтіп жатыр.

Қонаев ауруханасының эндоскопия орталығының меңгерушісі Тахир Шүкірәлиев жапон мектебінің ерекшелігін атап өтті:

«Жапондық эндоскопия мектебі дәлдік пен ұқыптылыққа негізделген. Біз тек технологияны емес, дәрігердің ойлау жүйесі мен пациентке деген қарым-қатынасын да үйреніп жатырмыз. Бұл – өңірдегі эндоскопия қызметі үшін жаңа кезең», – деді ол.

Ал профессор Қанат Батырбековтің айтуынша, осындай бірлескен «тірі» операциялар мен клиникалық талқылаулар медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Мастер-класс барысында екінші күні қосымша хирургиялық демонстрациялар мен пациенттерге кеңес беру жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, дәл осындай халықаралық деңгейдегі іс-шараның Қонаевта өтуі – отандық дәрігерлердің жоғары кәсіби дайындық деңгейін және қазақстандық медицинаның ашықтығын көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жыл сайын түсік жасататын әйелдер саны 70 мыңнан асты
07.10.2025ж. 13:50

Қазақстанда жыл сайын түсік жасататын әйелдер саны 70 мыңнан асты

Министрлік статистиканы азайту бағытындағы жұмыстарды күшейтпек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →