×

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тіркеу уақыты екі есеге қысқарды

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тіркеу уақыты екі есеге қысқарды
Freepik

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін жеңілдетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Енді бұл процесс «Бір терезе» композиттік қызметі арқылы екі есе жылдам жүреді.

Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония және Ұлыбритания секілді реттеуші жүйесі жоғары елдерде өндірілген дәрілер үшін тіркеу мерзімі небәрі 15 жұмыс күнін алады. Фармакомпанияларға арналған онлайн-сараптама порталы, Call-орталық және цифрлық сервистер іске қосылған.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тәсіл өз нәтижесін беріп үлгерді. Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер саны 60 пайызға артты. Оның ішінде 300-ге жуық отандық препарат тіркеуден өткен.

Бұл жаңашылдық фармацевтика саласын ашық әрі серпінді етпек. Ең бастысы, қазақстандықтар заманауи және тиімді дәрілерге жылдамырақ әрі ыңғайлы қол жеткізе алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →