×

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада балаларға арналған жаңа ерте араласу орталығы іске қосылды. Орталық көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылды. Нысан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының, «Қазақстан халқына» қорының, «Қамқорлық» қорының және Қызылорда облысы әкімдігінің серіктестігімен ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Шыңғыс Шарапиев, «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты. 

Жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 баланы қабылдайтын орталықта әрбір балаға жеке оңалту жоспары әзірленеді. Мұның бәрі түрлі ақаулармен туылған балалардың өсіп-жетілуі мен дамуын жетілдіруге, өздігінен жүріп-тұруы мен сөйлеуіне мүмкіндік береді. Олармен невропатологтар, реабилитологтар, педиатрлар, травматолог-ортопедтер, психологтар, физиотерапия нұсқаушылары, дефектологтар мен логопедтер жұмыс істейді. Мекеме заманауи технологиялармен, арнайы техникалық жабдықтармен, тренажерлармен және аппараттық-бағдарламалық кешендермен толық жарақталған.  

«Қызылордада ашылып отырған ерте араласу орталығы – «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске қосылған 47-ші оңалту орталығы. Бұл орталықтарда жылына 30 мыңға тарта балалар мен ересектер кешенді оңалту көмеген алады. Оңалтумен бірге, инклюзивті білім беру мен әлеуметтендіру бағытында Қор еліміз бойынша 26 инклюзия кабинетін ашты. Жыл соңына дейін тағы бес инклюзия кабинеті Атырау облысының Жылыой ауданында ашылатын болады», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов. 

Қызылорда қаласында ашылған ерте араласу орталығы осы жоба аясында жүзеге асырылған 20-шы орталық болып отыр. Осылайша, Қор серіктестерімен бірлесе отырып, 2020 жылдан бері өңірлердегі мұндай орталықтарға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етті. Бұл орталықтарда жыл сайын 12 мыңға жуық мүгедектігі бар бала кешенді медициналық көмек алады. Нәтижесінде 6,3 мыңнан астам ерекше бала алғашқы қадамын жасап, 8,6 мың баланың тілі шықты. 

Жалпы 2020 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Қызылорда облысында 4,2 млрд теңгеге 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асырылды. Соның ішінде былтыр Үстел теннисі орталығы, биыл заманауи тарихи-өлкетану орталығы ашылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →