×

Қазақстанда бір жылда донорға мұқтаж 342 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір жылда донорға мұқтаж 342 адам қайтыс болды
pixabay

2025 жылы Қазақстанда трансплантация кезегінде тұрған 342 адам донорлық ағзаның тапшылығына байланысты көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда трансплантацияны күту парағында, балаларды қоса алғанда, 4506 пациент тіркелген. Донорлық ағзалардың жетіспеуі салдарынан былтыр жүздеген науқас операцияны күте алмай өмірден өткен.

Сонымен бірге ведомство трансплантация саласында кадр даярлау жұмыстары күшейтілгенін атап өтті. Атап айтқанда, трансплантацияны үйлестіру бойынша сертификаттау курсы енгізіліп, 168 маман оқытылған. Бұдан бөлек, 42 дәрігер шетелде біліктілігін арттырған. Медициналық көмектің стандарттары жаңартылып, заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленген.

Дегенмен өткен жылы 68 адамға донорлық ағза сәтті трансплантацияланған. Бір жыл ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлар есебінен 18 донорлық процесс жүргізіліп, бұл өмірлік маңызды ағзаларды 68 науқасқа салуға мүмкіндік берген.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы 184 әлеуетті донор анықталған. Ведомство трансплантация жүйесі жұмыс істеп тұрғанын, алайда қоғамның сенімі мен донорлық туралы хабардарлық деңгейі әлі де шешуші фактор болып отырғанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →