×

Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс 15 мың дана дәрі сатылып кеткен

Одан бөлек, мерзімі өткен 750 дана дәрі сатылған екен.

Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс 15 мың дана дәрі сатылып кеткен
pixabay.com

Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс 15 мың дана дәрі сатылып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство заңбұзушылықты 2024 жылдан бастап қолданысқа енген таңбалау нәтижесінде анықтаған.

Сондай-ақ, тексеріс кезінде 6 жарым мың тегін берілетін препараттың кьюар коды 385 мың рет сканерленіп, жымысқы мақсатта пайдаланғаны мәлім болды.

Одан бөлек, мерзімі өткен 750 дана дәрі сатылған екен.

– Төрт мыңдай факт анықтағаннан кейін біз 83 дәріхананы тексергенбіз. Енді соның ішінде 34 дәріхана арнайы жауапкершілікке бекітілді. Енді болашақта сол қаржы мониторингі агенттігімен арнайы тексерістер жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. Арнайы өзіміздің штрафтар береміз. Өйткені бұл субъектілер ондай тегін дәріні олай сатуға негізі құқығы жоқ, – ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов,

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →