×

Франциядағы әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» атты көрмесі өтті

Бұл көрменің идеясы бір жыл бұрын Франция президентінің Қазақстанға сапары кезінде туған

Франциядағы әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» атты көрмесі өтті
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды, Qaz365.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Кейінгі жылдары Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс артып, жаңа серпін алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның өзара сапарлары екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсті. Әріптесім, министр ханым Рашида Дати мен Гиме музейінің президенті, доктор Янник Линтцке осы көрмені ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ, Гиме музейі ұжымына жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымды білдіремін», – деді Аида Балаева.

Экспозицияда Қазақстанның Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының коллекцияларынан алынған 35 сирек артефакт ұсынылған. Олар Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін паш етеді.

«Көрмеде Қазақстанның бес «Джокондасы» қойлған. Бұл көрменің идеясы бір жыл бұрын Франция президентінің Қазақстанға сапары кезінде туындады. Оның мақсаты – көрерменге Қазақстан мәдениетін, оның әлемдік тарихта алар орнын таныстыру. Көрме ежелгі тарихтан бастап 18-ші ғасырдағы Қазақстанға дейінгі аралықты қамтыған. Бұл – Қазақстанның пейзаждарын, дыбыстарын, әсіресе, осы өркениеттің бес кезеңін бейнелейтін бес шедеврді немесе шедеврлер ансамблін көрсететін иммерсивті саяхат», – деді Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейі директоры Янник Линц.

Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

5 қарашада, көрмені Қазақстан мен Франция Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон тамашалайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →