×

Түркияның танымал жұлдыздары жер сілкінісінен зардап шеккендерге 115 млрд лира жинады

Қаржы "Түркия - бір жүрек" науқаны аясында жиналды 

Түркияның танымал жұлдыздары жер сілкінісінен зардап шеккендерге 115 млрд лира жинады
aa.com.tr

Негізінен TRT1, ATV, FOX, Kanal D, Kanal 7, Show TV, Star TV және TV8 сияқты 213 отандық және халықаралық телеарна мен 562 радиода “Түркия – бір жүрек” науқаны аясында Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға қайырымдылық көмек жинау үшін бірлескен тікелей эфир жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның модераторлары Нихат Хатипоглу, Пелин Чифт, Дениз Байрамоглу, Назлы Челик, Акун Илычалы, Дидем Арслан Йылмаз, Чагла Шикел және Түмер Догру болды.

Студияға келген танымал жұлдыздардың қатарында Барыш Ардуч, Берк Октай, Бурак Өзчивит, Алишан, Дениз Байсал, Ханде Эрчел, Энгин Акюрек, Эсра Эрол, Афра Сарачоғлу, Бурак Дениз, Альп Навруз, Аслы Энвер, Мерве Диздар, Барыш Фалай, Селахаттин Пашалы, Өзге Өзпиринччи, Угур Гүнеш, Мурат Йылдырым, Мехмет Өзгүр, Биркан Сокуллу, Джем Илкир, Эда Эже, Мелиса Аслы Памук, Сердар Тунсер, Хусну Шенчилер, Исмаил Хажыоғлу, Кадир Догулу және оның әйелі Неслихан Атагүл Догулу, Седа Саян, Сибел Джан, Хасан, Джан Кая, Йылмаз Ердоған, Эсер Йенлер, Арас Булут Ийнемли, Демет Өздемир, Эзги Мола, Халит Эргенч болды. Экранның танымал есімдері телефон қоңырауларын қабылдады.

Трансляцияның жалғасында Кыванч Татлытуғ, Мұрат Боз, Эбру Гүндеш, Эркан Петеккая, Седеф Авжы, Энгин Алтан Дузятан, Серенай Сарыкая, Эсра Кетенджи, Сүмейе Айдоған, Хилал Анай, Мерт Рамазан Демир, Мехмет Ялчынкая, Барыш Кыыл Топал, Фейяз Шерифоғлу, Рожда Демирер, Каан Урганжыоғлу, Кубилай Ака, Пынар Дениз, Канан Эргудер, Дога Руткай және Биннур Кая науқанды қолдау үшін қоңырауларға жауап берді.

7 сағатқа созылған шара барысында ресми қайырымдылық қорына 115 миллиард түрік лирасынан астам қаржы жиналды. Сонымен қатар 9 млн SMS жіберілді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →