×

Қырғызстандағы мешіттер Түркияға 16,4 миллион сом қаржылай көмек жинады

Азаматтардың басым бөлігі материалдық емес, ақшалай көмек көрсетуді жөн көрген

Қырғызстандағы мешіттер Түркияға 16,4 миллион сом қаржылай көмек жинады
Ашық дереккөздерден

Қырғызстандағы мешіттер де Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 16,4 миллион сом ақшалай көмек жинады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. 

ҚМДБ-ның директоры Тойгонбай Әбдіқаров, мүфтидің орынбасары Самидин қари Атабаев және Бішкек мұсылмандарының қазысы Шәкір Ажы Маматов Түркия Республикасының Қырғыз Республикасындағы Арнайы және Өкілетті Елшісі Ахмет Садық бастаған елшілік қызметкерлеріне барды. Сол жерде жойқын зілзаладан қаза тапқан марқұмдарды еске алып, құран оқыды.

Сонымен қатар жиналғандар Түркия халқына көмек жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын, сауапты шарадан ҚМДБ да қалыс қалмағанын, апат тіркелген күннен бастап көмек көрсету жұмысын қолға алғанын айтты. Имамдардың ерен еңбегімен халықтан 16 417 294,25 (он алты миллион төрт жүз он жеті мың екі жүз тоқсан төрт) сом ақшалай көмек жиналып, мемлекеттік бірыңғай есеп шотына аударылғаны айтылып, тізімі қоса берілді.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы әрбір мешіттің осындай көмекті қабылдауды ұйымдастырғаны белгілі болды. Азаматтардың басым бөлігі материалдық емес, ақшалай көмек көрсетуді жөн көрген. 

Айта кету керек, бауырлас түрік халқына моральдық қолдау ретінде мешіт-медреселерде 46 260 рет Құран-қатым оқылып, 4 444 рет дұға жасалды. Қазір де Құран оқу, намаз оқу, сәлем беру сияқты рухани науқан жүріп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →