×

11 күннен кейін аман табылған Алейна Өлмез дәрігерлерді таңғалдырды

Журналистердің «Не ішіп-жедіңіз?» деген сұрағына жауап берді 

11 күннен кейін аман табылған Алейна Өлмез дәрігерлерді таңғалдырды
стоп-кадр

Түркияның Хатай провинциясында он бір күннен кейін үйінді астынан аман табылған 17 жастағы қыз Алейна Өлмезге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Алейнаны қараған дәрігерлер таңданысын жасырмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Адам сенгісіз жағдай. 248 сағат, яғни он бір күннен кейін келді. Дене мүшелері, бүйрегі сияқты мүшелерінің өзгеріске ұшырамай бізге келуі  қатты таңғалдырды. Денсаулығы да өте жақсы. Алғаш келген кезде «қалайсың» деп сұрағанымда, бірден «жақсымын» деп жауап берді. Әрине, уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Өте жақсы қазір», - деді дәрігер.

Журналистердің «Не ішіп-жедіңіз?» деген сұрағына Алейна «Жанымда ештеңе болмады, өз-өзіммен уақыт өткізуге тырыстым» деп жауап берді.

Бұған дейін 17 жастағы Алейна Өлмездің 248 сағаттан кейін аман табылғанын жазған едік.  

Тағы оқыңыз: “Есімсіз” деп тіркейміз: дәрігерлер зілзалада ата-анасынан айырылған балалармен қалай жұмыс істейтінін айтты

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →