×

Ішкі істер министірлігі ата-аналарға үндеу жасады

Үндеу қыс мезгіліндегі балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жайында хабарланып отыр

Ішкі істер министірлігі ата-аналарға үндеу жасады
Сурет: Еgemen.kz/ Мерей Қайнарұлы

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Үндеу қыс мезгілінде ата-аналардың балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше жайды ескеруі керектігі жайында хабарланып отыр.

“Құрметті ата-аналар! Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз. Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін”, – делінген ІІМ үндеуінде.

ІІМ балаларға келесідей негізгі қағидаларды түсіндіруді ұсынды:

  • Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
  • Жолдың жанында ойнауға болмайды;
  • Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек екенін үнемі еске салып отырыңыз.

“Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз. Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады!” – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →