×

"Семей орманы" филиалының басшысы жалған дипломмен қызмет жасаған

ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

"Семей орманы" филиалының басшысы жалған дипломмен қызмет жасаған
Сурет: gov.kz

"Семей орманы" қызметкерлерінің дипломдары жалған болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл фактілерді Абай облысы прокуратурасының қызметкерлері анықтады. 

“Тексеру барысында табиғатты қорғау прокуратурасы "Семей орманы" бес қызметкері, оның ішінде филиалдардың бірінің басшысы жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайдаланғанын анықтады. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінен алынған ақпаратқа сәйкес, бұл құжаттардың ешқайсысы осы қызметкерлерге берілген жоқ. Табылған жалған құжаттар фактісі бойынша жалған құжаттарды қолдан жасағаны, дайындағаны немесе өткізгені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді Абай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Барлық материалдар әрі қарай процессуалдық шешім үшін полицияға берілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →