×

1 доллар 520 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін – омбудсмен

Теңгеге әлемдегі экономикалық ахуал тікелей әсерін тигізеді.

1 доллар 520 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін – омбудсмен
Фото: ашық дереккөзден

Банк омбудсмені, профессор Дархан Нұрпейісов доллар бағамына жөнінде болжамын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан қаржыгерлерінің ХІІ конгресінде бұл болжамын Qaz365.kz тілшісіне Дархан Нұрпейісов айтты.

«Неше түрлі болжамдар бар. Мәселен, келесі жылы бюджет жоспарлаған кезде курс 470 теңге деп бекітілген. Бірақ халықаралық жағдайда өзгерістер болса, ол 500 теңгеден асып кетуі мүмкін. 515-520 теңгеге (бір доллар) деген болжамдар бар», - дейді банк омбудсмені. 

Қазір доллар бағамы сату-сатып алу жағдайына қарай 493-496 теңгені құрап отыр.

Теңге  –  еркін конверттелетін нарықтық валюта. Яғни, оның бағамын ешкім арнайы бекітпейді. Бағам Қазақстан қор биржасындағы алып-сату нәтижесінде белгілі болады. Теңгені басып шығаратын Ұлттық Банк оның бағамын таргеттеу, яғни реттеу режимінен кетіп, қазір тек инфляцияны таргеттеу (белгілі-бір шек аясында ұстап тұру) режимімен айналысады. Бір сөзбен айтқанда, теңге тағдыры нарықтың жеке қолына берілді. Енді мемлекет бар күшін тек инфляцияға салады.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Бүгін, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →