×

Fly Arystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ

Fly Arystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Fly Arystan лоукостері кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды qaz365.kz тілші Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы Fly Arystan АҚ әуекомпаниясының жолаушылардың құқығын сақтау қызметін тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде әуекомпания халықаралық рейстерге билет сату кезінде 2-12 жастағы жолаушыларға кәмелетке толмағандарға қолданылатын 50 пайыз арнайы жеңілдікті қолданбағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Прокуратураның ұсынысы бойынша Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабы 1-бөлігі бойынша әуекомпанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Жиналған мәліметтерді Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, оған 2023 жылы 16 ақпанда жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →