×

Жыртығымызды жамауға алған қарызды кім қайтарады – депутат

Жобаларды қаржыландырмау жағдайлары орын алған

Жыртығымызды жамауға алған қарызды кім қайтарады – депутат
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек сыртқы қарыздың көбейіп жатқаны жайлы дабыл қағып, Қаржы министрінен жобалардың толық қаржыландырылмау себебін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, жыл ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты жобаларды қаржыландырмау жағдайлары орын алған.

 «Ел қазынасының жағдайы министрлердің айтуынша нашар. Сыртқы қарызымыз көбейіп бара жатыр. Енді оған қоса жыртығымызды жамаймыз деп, сыртқы қарызды ала береміз, тағы ала береміз. Ертең ол ақшаны кім қайтарады, қалай қайтарамыз. Мысалы, жыл ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты орындалған жұмыстардың актілері бола тұра, жобаларды қаржыландырмау жағдайлары да орын алды. Басқаша айтқанда, мекемелер, ұйымдар өзінің жұмысын шарт бойынша орындаған, бірақ ақшасын ала алмай отыр. Мұндай сұм тығырыққа қалай келдік? Қаржы министрлігінде толық қаржыландырмаудың көлемі туралы нақты деректер бар ма? Бюджетті нақтылау жобасын қарап отырмыз. Бұл мәселені шеше ме? Әлде жағдай мүшкіл ме?», – деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Мәди Тәкиев алдағы бір айдың ішінде бәрі толық жабылатынын айтты.

«Иә, биыл осындай жағдайлар болды. Сондықтан біз басында шығыстарды ұстауға мәжбүр болдық, бірінші әлеуметтік салаға жібердік. Бізде мәліметтің бәрі бар. Бүгінде жұмысымыз қолмен басқару болып кетті. Касса бойынша шығыстарымыз 89,3 пайызға орындалды. Енді бір айдың ішінде бәрін толық жабамыз. Бюджетті қарастырып жатырмыз ғой. 2 млн трансферт көмегі жақсы әсер етеді деп ойлаймын», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді
Бүгін, 09:16

Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек
IT мамандардың орташа айлық 673 мың теңге
Актриса сұхбатындатүсірілімнің Испанияның Бильбао қаласында өтіп жатқанын және оның 2,5 айға созылатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →