×

Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады

Бұл балалар теміржолы 1979 жылы ашылып, кейін 90 жылдардың ортасына қарай жабылған

Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде балалар пойызы жүре бастады. Жаңартылған балалар теміржолы Бейбітшілік аралында пайдалануға берілді, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan TV – ға сілтеме жасап.

Бейбітшілік аралында жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.

“Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Пойыз аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады.Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар”, – делінген орталықтың хабарламасында .

Балалар теміржолы 1979 жылы ашылған, алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Енді бүлдіршіндердің игілігіне қайта беріліп отыр.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →