×

Жаңа жыл қарсаңында министр мұғалімдерге ескерту жасады

Мектептерде ақша жинауға болмайды

Жаңа жыл қарсаңында министр мұғалімдерге ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа жыл жақындап қалды. Мерекеге орай мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға бола ма? Бұл сұраққа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, мектептерде ақша жинау деген болмауы керек. Оған министрліктің бұйрығымен тыйым салынған. Қазір іс-шаралар мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарланған. Қандай да бір түлектердің мектеппен қоштасу кештері болсын, тіпті ол жаңа жыл кеші болсын, ақша жинауға болмайды.

«Мұғалімдерге беретін сыйлықтар жайлы айтар болсақ. Рұқсат етілген мөлшерде ғана болады. Бірақ меніңше, мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді. Біз, ұстаздар қауымы, ешқандай материалдық ынталандыруды күтпестен, балаларға білім береміз. Егер кейбір жекелеген ұйымдарда бұған жол берілсе, онда бізге хабарлай аласыздар және тиісті шаралар қолданамыз. Мектеп – сапалы білім мен тәлім-тәрбие беретін жер. Сондықтан жаңа жылдық мерекені қосымша шығындарсыз өткізуге болады», - деді Ғани Бейсембаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды
Бүгін, 09:27

Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды

Ұйымдасқан қылмыскерлер тобын ұстау үшін арнайы операция жүргізілген
Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →