×

Түркістан облысында жолға бөлінген 2,2 млрд теңге жымқырылған

Олар ақша жымқыру үшін жалған сметалық құжаттар жасаған

Түркістан облысында жолға бөлінген 2,2 млрд теңге жымқырылған
Сурет: krd.ru

Түркістан облысында әкімдіктер жол құрылысынан негізсіз шарттар жасау арқылы қаржыны заңсыз жылыстатып, 2,2 млрд. теңге жымқырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу процестерін талдау барысында бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасасу фактілері анықталған.

"Бұл ретте орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келген. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсаған", – делінген агенттіктің хабарламасында.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →