×

Қазақстанның Халықаралық қайырымдылық рейтингісінде нәтижесі төмендеп кеткен –  Көш басында қай елдер тұр

Қайырымдылық кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның даму деңгейін де білдіретін негізгі көрсеткіш

Қазақстанның Халықаралық қайырымдылық рейтингісінде нәтижесі төмендеп кеткен –  Көш басында қай елдер тұр
Сурет: gov.kz

Қазақстан Халықаралық қайырымдылық рейтингінде 73 сатыға төмендеп кетті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Еріктілер әлемдік қозғалысқа ықпал ететін ең белсенді топқа айналған. Қазір олардың саны 5 миллиардқа жуықтайды. 

The World Giving Index-тің 2024 жылғы шығарылымында Қазақстан қайырымдылық рейтингінде 73 сатыға төмендеп (The World Giving Index-2022-пен салыстырғанда), 142 елдің арасында 40-орыннан 113-орынға сырғыған. Көрсеткіш зерттелетін елдердегі қала тұрғындарына жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша есептеледі және адамдардың ақшалай қайырымдылықтарын, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған халықтың үлесін ескереді. 

Дүниежүзілік қайырымдылық индексі бойынша үздік 5 ел:

  1. Индонезия,
  2. Кения,
  3. Сингапур,
  4. Гамбия,
  5. Нигерия.

Байқағанымыздай қайырымдылықпен әлемдегі бай мемлекеттер емес керісінше экономикалық тұрғыдан кейін қалған елдер көбіріек мән берген.

Әлеуметтік көмек пен халықтың әлжуаз топтарына қайырымдылық көмек көрсету кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның даму деңгейін де көрсетіп отыр.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып жүргенін мәлімдеген
Бағдарламалық жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген
Ақылы жолдарға төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі ұсынылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →