×

Қазақстандықтар қантты нормадан 4 есе көп тұтынады: оның зияны қандай

Қант диабеті, гипертония, инсульттің көбеюіне әкеліп соғады

Қазақстандықтар қантты нормадан 4 есе көп тұтынады: оның зияны қандай
Фото: ашық дереккөзден

Сенатта тамақтың қауіпсіздігіне бағытталған тыңдау өткізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыста Сенат депутаты Арман Өтеғұлов қазақстандықтар қантты көп тұтынатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ДДСҰ-ның мәліметіне сәйкес елімізде артық салмағы бар 6 - 9 жастағы балалардың үлесі 21%-ды құрайды. Бұл, ең алдымен, құрамында қант, май және жасанды қоспалары көп азық-түлікті пайдалануға байланысты. Сонымен қатар елімізде тұз бен қантты тұтыну көлемі күнделікті нормадан 3–4 есе жоғары.  

«Сауалнамалар күн сайын қант қосылған сусындарды жасөспірімдер мен ересектердің 13–14%-ы пайдаланатынын көрсетті. Мұндай көрсеткіштер қант диабеті, гипертония, жүрек-қан тамырлары аурулары, инфаркт және инсульт сияқты ауыр дерттердің көбеюіне әкеліп соғады. Осылайша, еңбек өнімділігінің төмендеуінен және аурулардың жасырын шығындары есебінен экономика 2 трлн теңгеге дейін зиян шегуде, бұл емдеуге жұмсалатын шығыннан 6,5 есе көп», - дейді ол.

Сенатор осыған байланысты азық-түлік сапасын бақылауды күшейту, дұрыс тамақтану саясатын халық арасында, әсіресе, балалар арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері бірлесіп, ақпараттық-насихаттық бағдарламаларды жүйелі түрде қолға алғаны жөн дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
04.07.2025ж. 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →