×

«Ұлттық қор – балаларға»: Кәмелет жасқа толғандарға ақша аударылды

Аударылған ақша қандай мақсатта жұмсалған?!

«Ұлттық қор – балаларға»: Кәмелет жасқа толғандарға ақша аударылды
Сурет: syrboyi.kz

«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында кәмелетке толған балаларға 4,2 млн АҚШ долларын аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында ҚР Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді.

“2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің барлық балаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап «БЖЗҚ» АҚ шамамен 4,2 млн АҚШ долларына 41 799 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,3 млн-ға жуық АҚШ долларына 22 623 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,9 млн-нан астам АҚШ долларына 19 176 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, қаржының пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады”, – делінген қордың мәлімдемесінде. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет, 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей бөлінеді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →