×

Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Тынышпаев қайтыс болды

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі

Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Тынышпаев қайтыс болды
Сурет: facebook.com/bakhytzhan.bukharbai

Ғалым, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев АҚШ-та өмірден өтті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы баспагер Бақытжан Бұқарбай хабарлады. 

“Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Бақытжан Бұқарбай парақшасында. 

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі. Сондай-ақ ҚБТУ мен ҚазҰТУ-дың докторлық қорғау бойынша бірлес­кен диссертациялық кеңесінің де мүшесі болып сайланған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →