×

Астана тұрғыны Қызыл кітапқа енген 76 құсты ұстап өлтірген

Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Астана тұрғыны Қызыл кітапқа енген 76 құсты ұстап өлтірген
Сурет: polisia.kz

Елордалық Қызыл кітапқа енген торғайды заңсыз аулап, өлтірген деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақмола облысының Бұланды ауданының Полиция бөлімшесі мәлімдеп отыр.

“Ақмола облысының Бұланды ауданында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды тор құрып, заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды. Браконьердің торына Қызыл кітапқа енген сирек құстың бірі – қара басты пайызторғайлар түскен.Полиция 76 құсты тәркіледі. Оның көбі торда өліп қалған. Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған”, – делінген Полиция хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды. Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты шешім қабылданады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жүрегі тоқтап қалды»: студент ұшақта адамды қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Бүгін, 13:05

«Жүрегі тоқтап қалды»: студент ұшақта адамды қалай құтқарып қалғанын айтып берді

Ол науқастың қан қысымын жоғарылату үшін аяғын көтеріп тұрған
Жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған
Кореяда, Қытайда және АҚШ-та жүрген қазақстандықтар арасында жиі кездескен
Тұрғындардың өзі бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →