Тұрақта 15 минутқа дейін тұру тегін, алайда бұл мүмкіндік күніне екі рет қана беріледі
Алматы әуежайындағы көлік тұрағының тарифтері қымбаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, вокзал алаңы мен жабық автотұрақ кешеніне 2025 жылы 1 қаңтардан бастап жаңа тарифтер енгізіледі.
Жаңа тариф бойынша қызмет құны төмендегідей:
- Тұрақтың 1 сағаты 600 теңге. Бір сағаттан асып кетсе 850 теңге төлейді.
- 2 сағаттан 4 сағатқа дейін - 1 200 теңге;
- 4 сағаттан 6 сағатқа дейін - 1 800 теңге;
- 6 сағаттан 12 сағатқа дейін - 2 800 теңге;
- 12 сағаттан 24 сағатқа дейін - 4 200 теңге;
- 24 сағаттан асып кетсе, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін – 6 000 теңге.
- Тұрақта 15 минутқа дейін тұру тегін, алайда көлік күніне екі рет қана тегін кіріп-шыға алады.
Әуежай тарифтерді тұрақ қызметін жақсарту мақсатында көтермек. Тарифтерді арттыру есебінен әуежай басшылығы көлік тұрақтарын жаңаратып, келушіге барынша ыңғайлы етуді көздеп отыр.