×

Mercedes, Rolex, Gucci – сот Перизат Қайраттың бірқатар мүлкін тәркіледі

1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде

Mercedes, Rolex, Gucci – сот Перизат Қайраттың бірқатар мүлкін тәркіледі
Коллаж Qaz365.kz

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.

«Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды», - дейді ҚМА. 

Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленген.

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылған. Тәркіленген заттар бойынша сот анықтайтын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ҰҚК жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды
Бүгін, 16:58

Қазақстанда ҰҚК жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды

Антикор қызметі Қазақстанда жаңаша құрылды.
Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді.
Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →