×

Бюджетке көп ақша аударатын Алматы облысы неге қайтарымында қаражатқа жарымай отыр

Өңірдің табысы көп, бюджеті аз

Бюджетке көп ақша аударатын Алматы облысы неге қайтарымында қаражатқа жарымай отыр
Фото: ОКҚ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке ОКҚ-да осы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы табысы көп облыстың бірі. Бірақ республикалық бюджет бөлінген кезде Алматы облысына қаражаттың жетпей жататыны байқалады. Әсіресе, әлеуметтік салада сұрақтар туындайды.

«Бұл қаншалықты дұрыс?» деп сұрақ қойылды әкімге.

Марат Сұлтанғазиев республикалық бюджеттен басқа жергілікті бюджет барын айтты. Оның сөзінше, өңірге үлкен инвестицияларды тарту мүмкіндіктері бар.

«Республикалық болсын, жергілікті бюджет болсын төленген салықтан жиналады. Сол себепті біз салықтық базаны ұлғайту бойынша жұмыс істеуіміз керек. Инвесторларды тартып, өндіріс ашып, жұмыс орындарын құру керек. Сол кезде бюджеттің мәселелері толық шешіледі. Ал анау бюджеттен, мынау бюджеттен алды десек, мәселе шешілмейді. Біз қазір индустриялық аймақтарды құрып, өндірістерді тартып, жұмыс орындарын ашу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді әкім.

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетте кіріс 788 млрд теңге деп көрсетілген. Оның 128 млрд теңгесі салық түсімдерінен келеді. Облыстың осы аралықтағы шығындары 806 млрд теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 жыл халықаралық іздеуде болған жетісулық полицей сотталды
Бүгін, 15:12

7 жыл халықаралық іздеуде болған жетісулық полицей сотталды

Ол ұрлыққа қатысы бар 24 миллион теңге көлеміндегі заттай дәлелдерді ұрлаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →