×

Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды

Бұл бағытта бүгіннен бастап 3 электрлі пойыз іске қосылды

Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыздар қатынайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызмтеті мәлімдеді.

13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 3 қосымша электр пойызы іске қосылды. 6 вагонды пойыздар 1,1 мың орынға шақталған.

  • №7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа күндері).
  • №7553/6811–6812/7556 «Қарағанды–Астана–Бурабай курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.
  • №7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Бурабай курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.

Электр пойызымен жүру ұзақтығы 2 сағат 26 минутты құрайды. Баспасөз қызметі маршрутта аралық аялдамалар болмайтынын нақтылады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн алуға болады
30.05.2025ж. 12:35

Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн алуға болады

Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті
Байзақ ауданының тұрғыны ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылған
Абзал Шынасылдан Шерзат Болатты жерлеу шығындары үшін 2,7 млн теңге өндіріп алу сұралды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →