×

«Жеті жасар баланың өлімі»: Алматы облысының әкімі Іргелі ауылындағы оқушылар мәселесін қалай шешпек

Аялдама, басқа да сұрақтар әкім назарында

«Жеті жасар баланың өлімі»: Алматы облысының әкімі Іргелі ауылындағы оқушылар мәселесін қалай шешпек
Фото: ОКҚ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында Қарасай ауданының Іргелі ауылындағы қайғылы оқиғаға байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі

Еске салсақ, Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында қайғылы оқиға болған еді. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің автотұрағында баланы автобус қағып кетті. Оқиға салдарынан жеті жасар бала қаза тапты. Оқиғаға дейін мектеп алдындағы аялдама сұралған, бірақ ешқандай шара қолданылмаған. Осы ретте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтен осындай оқиғалардың алдын алу үшін халықтың талап-арыздарына әкімдік қашан назар аударатынын Qaz365.kz тілшісі сұрады.

Марат Сұлтанғазиев жақын арада тағы да бір мектеп салынып, тасымалдау ұйымдастырылатынын, аялдама, басқа да сұрақтар назарда екенін айтты.

«Іргелі ауылындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешені салынған кезде толық әлеуметтік сұрақтар шешілмеген жағдай болған. Сол себепті үш жаққа сол жақтың балаларын тасымалдаймыз. Ол тасымалдау біздің жергілікті бюджеттен. Жақын арада тағы да бір мектеп салынып, тасымалдау ұйымдастырылатын болады. Ал Іргелінің өзінде келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін 2000 орындық мектеп қолданысқа берілетін болады. Ол – жеке кәсіпкерлер салып жатқан мектеп. Қаржыландыру мәселесі бүгінгі күнге шешілген. Сол себепті жаяу баруға мүмкіндік болады. Аялдама, басқа да сұрақтар біздің назарымызда. Тиісті техникалық регламенттеріне сай болады», - деді өңір басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл бағытта бүгіннен бастап 3 электрлі пойыз іске қосылды
Президент бұйрығымен жүзден астам жұмысшылар мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсынылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →