×

Күн аяздатып, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа райы болжамы қандай?

Күн аяздатып, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа райы болжамы қандай?
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 14 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

14 желтоқсанда Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, екпіні 18-23 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с болады.

14 желтоқсанда Атырау облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

14 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

14 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңерең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

16 желтоқсанда Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 15-20, солтүстігінде, таулы аудандарында 25, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

15 желтоқсанда Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі, батысында, таулы және тау бөктерлі аймақтарында 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

15 желтоқсанда Алматы облысында күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 16 желтоқсанда түнде қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты қар жауады.

Жел батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 желтоқсан, тәулік бойы 16 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17 градус аязға, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 25-27 градус қатты аязға дейін, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл бағытта бүгіннен бастап 3 электрлі пойыз іске қосылды
Президент бұйрығымен жүзден астам жұмысшылар мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсынылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →