×

Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды

Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр

Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты ІІМ таратты. 2022 жылғы қыркүйектен бастап осы жылдың 20 ақпанына дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған.

Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды.

Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдің ең белді микроқаржылық ұйымдары «жалақыға дейінгі» қарыз есебінен табыс тауып отыр
Бүгін, 15:45

Елдің ең белді микроқаржылық ұйымдары «жалақыға дейінгі» қарыз есебінен табыс тауып отыр

Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.
АҚШ президенті соғысты тоқтатуға бар күшін салатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →