Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілі адамдардан ақша бопсалады деген күдікпен Qirsabyn жасырын телеграм-арнасының авторларын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас прокуратураның хабарлауынша, 18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлескен. Сөйтіп Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталған.
Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.
Анонимді Qirsabyn арнасының 111 мыңға жуық жазылушысы бар және ол тек жеке өмірге қатысты ақпараттар жариялайды. Арна «Әр «таза» адамның кір сабыны бар, ал кір ешқашан таза болмайды» деп ұранмен ақпарат таратады.