×

Тегіс жол үшін қатаң бақылау қажет

Қалада жаңа жол салынғаннан кейін коммуникациялық желілерді жөндеу, тарту жұмыстары үшін жол қабаты қайта қазылады

Тегіс жол үшін қатаң бақылау қажет

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Алматы қалалық филиалы кепіл мерзімі аяқталмаған жол құрылысы нысандарын тексеріп, ақаулар анықтады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада жаңа жол салынғаннан кейін коммуникациялық желілерді жөндеу, тарту жұмыстары үшін жол қабаты қайта қазылады. Мамандардың айтуынша, көбінде жолды қайта төсеу жұмыстары сапасыз орындалуы. Филиалда Энерготиімділік басқармасымен келісім-шарт болмағандықтан, қалалық мобильдік басқармасының келісім-шарт шеңберінде аталған жол бөліктерін орталық қызметкерлері тексеріп, бірнеше ақауларды анықтады. Сапа орталығының инженері Досжан Сұрапбергеновтің айтуынша, жыл басынан бері коммуникациялық желілерді жөндеу, тарту жұмыстарынан кейін жол қабатын тексеруге ерекше назар аударылуда.

Мекеме қызметкерлері Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында жол қабатын орташа жөндеуден кейін кепілдік мерзімі аяқталмаған нысандарды тексеріп, бірнеше ақауларды анықтады. Мердігер компания «Asmar stroy» ЖШС жолға асфальт қабатын төсеп кеткен соң, жер астындағы инженерлік желі, яғни құбыр жарылған. Жөндеу жұмыстары жасалған соң қазылған асфальт қайта төселмей қалған. Мұндай жағдайда сапа орталығының мамандары мердігерге хат жазып олқылықты реттеуді тапсырады. Бұдан бөлек, анықталған ақаулар жөнінде хаттама толтырып, тапсырыс берушіге де хабарланады.

Мамандар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы және елді мекендер мен қалалардың көшелеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама, көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдарын орташаға жөндеуге ведомстволық сараптама да жүргізеді. Ал бұл сараптама тапсырыс берушінің өтініші бойынша бағалау әрекеттері мен қорытындылар жүйесі болып табылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →