×

Қазақстанда адам өлтіріп, Ресейде қарақшылық жасаған қылмыскер ұсталды

Оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр

Қазақстанда адам өлтіріп, Ресейде қарақшылық жасаған қылмыскер ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстанда адам өлтіріп, Ресейде қарақшылық жасаған қылмыскер ұсталып, елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Кісі өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды. Ол 2021 жылы наурызда Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге арақ ішіп, өзара араздық салдарынан төбелескен. Жанжал соңы жәбірленушінің өлімімен аяқталады. Осы қылмыстан соң ол қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.Елге жеткізілген күдікті тергеу изоляторына қамалды”, – деді ҚР Бас Прокуратурасының өкілі Асель Беркалиева.

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →