×

Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілін білу талабын енгізу мәселесі қаралып жатыр

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде мемлекеттік тілді меңгеру туралы талап бекітілді

Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілін білу талабын енгізу мәселесі қаралып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызметке орналасуда үміткерге қазақ тілін білу талабы қойылуы мүмкін, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты.

«Қазір мемлекеттік қызметшіге азамат өтініш берген тілде жауап беруі керек деген талап қойылады. Ол үшін біз жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін қойылатын шарттардың бірі – азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі орта деңгейден төмен болмауы тиіс.

Сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде мемлекеттік тілді меңгеру туралы талап бекітілді. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілін міндетті білу талабын енгізу мәселесін талқылап жатырмыз. Егер бұл талап бекітілетін болса, оны қосымша хабарлаймыз», — деді Азамат Жолманов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →